Таяу Шығыстан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды

Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Шиеленіс басталғалы жалпы алғанда 10 275 отандасымыз елге қайтарылды. Эвакуациялау жұмыстары әртүрлі бағыттар арқылы оның ішінде әуе және құрлық жолдарымен жүзеге асырылды. Сондай-ақ өңірдегі дипломатия өкілдіктері шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесе қажетті көмек көрсетті. Сыртқы істер министрлігі көрсеткен қолдауы үшін мемлекеттік органдарға және шетелдік әріптестеріне алғыс білдірді.