Референдумдағы белсенділік: 2,3 млн-нан астам азамат дауыс берді
Cағат ондағы жағдай бойынша 2 млн 393 мың 844 азамат дауыс беру бюллетенін алды.
Бұл тізімге енгендердің 19,21 пайызы. Әзірге Қарағанды облысы көш бастап тұр. Онда дауыс беру құқығы бар азаматтардың 26,64% өз таңдауын жасаған. Одан кейін Қызылорда облысы белсенді. Көрсеткіш – 24,2%. Үздік үштікті әзірге Ақтөбе облысы түйіндейді. Мұнда азаматтардың 21,80% референдумға қатысты. Әзірге Алматы тұрғындары мен павлодарлықтардың белсенділігі ғана төмендеу. Атап өтейік, республикада 10 мың 388 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. 92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат алтыда басталды. Тізімге 12 млн 461 мың 796 азамат енгізілді. Бұл облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың комиссиялары ұсынған деректер.