Қ. Тоқаев альпинист Е. Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді
Е.Т. Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы
2026 жылғы 24 наурыз
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 24 наурыз
№ 1212