О. Бектенов: Қазақстан цифрлық реттеу саласында тәжірибе алмасуға дайын

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық ету кезеңіндегі басымдықтарын белгілегенін жеткізді.

Аталған одақ экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге бағдарланған халықаралық ұйым саналатынын атап өтті. Бірлестік тұрақты түрде өз мақсаттары мен міндеттерін орындап, одақ мемлекеттерінің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы орайда Қазақстан одақ бойынша әріптестермен цифрлық реттеу және экономиканы трансформациялау саласында білім мен тәжірибе алмасуға дайын деді Олжас Бектенов.