Елде тамызда құрылтай сайлауы өтеді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ғылым қызметкерлері күніне арналған жиында хабарлады. Президент ел үшін маңызды саяси оқиғалар жөнінде алдын ала ақпарат берудің маңызын атап өтті.

Конституция күшіне енген сәттен бастап бірпалаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын, - деді Президент. Мемлекет басшысы бұл шешімді алдын ала жариялау арқылы саяси партияларға дайындық жүргізуге мүмкіндік берілетінін жеткізді. Осылайша, партияларға сайлаушылармен жүйелі жұмыс жүргізу үшін шамамен бес ай уақыт қарастырылып отыр.