Президент: ғылым өндіріс пен экономикаға қызмет етуі тиіс

Ғалымдарымыздың ашқан жаңалықтары зертхана аясында қалып қоймауы тиіс. Президент Ақордадағы ғалымдармен басқосуда осылай деді.

Нақты нәтиже беретін, өндіріске енгізуге болатын жобаларды жүзеге асыру қажет. "Бір сөзбен, ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент әлемдегі ең үздік компаниялардың бірінші кезекті білім мен ғылымға басымдық беретінін тілге тиек етті. Яғни олар ғылыми жаңалықтарды өндіріске жедел енгізеді. Әрі адам капиталы маңызды, білікті кадр, талантты адамдарды компанияларға тарту керек.