Президент Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына келді. 

Көшбасшылар пікірталасына Солтүстік Македония президенті және Грузия премьер-министрі қатысады. Іс шараның модераторы – Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, бұрынғы Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу.