Мемлекет басшысы өңірлік экологиялық саммиттің маңызына тоқталды

Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммитте Мемлекет басшысы қатысушыларға ілтипат білдіріп, халықаралық диалог алаңының маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде, бүгін – Жер күні екенін айтты. Осы орайда планетамызды қорғауға жауапкершілікпен қарайтынымызды тағы бір мәлімдеу үшін бас қосып отырмыз. Орнықты даму үшін ортақ көзқарас қалыптастыру – маңызды. Мұны өңір елдері терең түсінеді, деді Президент.

ЦИТАТА

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазіргі экология тек климат мәселесімен шектелмейді. Бұл адамзат тіршілігінің түп негізі. Яғни әңгіме таза ауа мен сапалы суға, бүлінбеген топырақ пен сенімді азық-түлік жүйесіне, қоғамның тұрақтылығына және ұрпақтың келешегіне қатысты болып отыр. Жалпы ақыл-ойдың тұнықтығы, қоғамдағы үйлесім мен адами бақыт та осыған саяды. Ал экология дегеніміз Жер бетіндегі тіршілікке жауапкершілікпен қарайтын саналы өмір салты.