Мемлекет басшысына Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне хат жолдады
Мемлекет басшысына Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әл Сауд хат жолдады.
Қос киенің сақшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері, әрі Премьер-министр Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд хаттарында Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты Қазақстан Президентінің Корольдікке қолдауы мен тілектестігін зор ризашылықпен қабыл алғандарын жазған.
Король мен Тақ мұрагері бауырлас екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың тереңдігін айғақтайтын ұстанымды жоғары бағалап, барлық саладағы ықпалдастықты ортақ мүддеге сай одан әрі нығайтуға ниетті екендерін растаған. Сондай-ақ Мемлекет басшысына зор денсаулық, Қазақстан халқына бақ-береке тілейтіндерін жеткізген