Сауд Арабиясы хуситтерге соққыны үдетті

Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йеменде кейінгі 24 сағат ішінде 81 әуе және зымыран соққысын жасады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы хуситтер тобына сілтеме жасап, Reuters агенттігі хабарлады. Олар бейбіт тұрғындардың қаза тапқанын және жараланғанын айтады. Шабуылдар Йемен астанасы Сана мен әл-Джауф, Таиз, Мариб сияқты бірнеше ірі провинцияға бағытталған. Хуситтердің әскери өкілі Яхия Сариа шиеленіс қайта ушыққаннан бері Эр-Рияд бастаған одақтың әуеден жасаған соққыларының жалпы саны 5 мың 581-ге жеткенін мәлімдеді. Йемендік қозғалыс Саудия нысандарына 2 мәрте шабуыл ұйымдастырған.

Сондай-ақ оқыңыз: