Медицина саласында ұлттық бақылау жүйесі сенімділікке ие болды

Қазақстан дәрілік заттардың айналымын реттеу саласын жетілдіру бойынша 3-ші деңгейге өтті. Соны растау хатын Президентке Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры табыстады.

Бұл ұлттық бақылау жүйесінің сенімділігін көрсетеді. Осылайша еліміз бұндай беделге ТМД аумағында бірінші, ал Еуропа аймағында төртінші болып қол жеткізген. Мемлекет басшысы Тедрос Адханом Гебрейесуспен медицинаға жасанды интеллектіні енгізу мәселесін талқылады. Сондай-ақ климат пен денсаулық сақтау бағытында бірлескен зерттеулер жүргізу, цифрлық трансформацияға арналған бастамаларды ілгерілету жайы қаралды.