Мемлекет басшысы саммит делегаттарына алғыс айтты
Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді.
Мемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар халықаралық ұйым басшыларымен жүздесіп, Орталық Азиядағы негізгі экологиялық бастамаларды іске асыру жолдарын талқылады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке қатысып, қолдау көрсеткені үшін делегаттарға алғыс айтып, олардың мол тәжірибесі ортақ мәселелердің шешімін табуда нақты тәсілдерді ілгерілетуге ықпал етеріне сенім білдірді. Еліміз орнықты дамуды қамтамасыз ету және биоалуантүрлілікті қорғау бойынша халықаралық институттардың қызметіне баса мән беретінін де атап өтті. Президенттің айтуынша, Қазақстан өңірлік және жаһандық деңгейде экологиялық жауапкершілік қағидаттарын жүзеге асыруды құптайды. Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі ретінде еліміздің жаңа Конституциясында да айқындалған.