Жаңа Ата заң 1 шілдеде күшіне енеді
Жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді. Бұл еліміз үшін маңызды саяси қадам.
Негізгі өзгерістің бірі – бір палаталы Парламентке, яғни Құрылтайға көшу болмақ. Оның депутаттары партиялық тізім бойынша сайланады. Сондай-ақ жаңа жүйеде алғаш рет Вице-Президент лауазымы болады. Қазақстан Халық кеңесі құрылады. Бұл орган заң жобаларын ұсынып, бастамалар көтереді. Ұлттық бірлік мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлейді. Сонымен қатар адвокатура мен омбудсмен институттарының мәртебесі күшейтілді. Бұл құқық қорғау жүйесінің институционалдық негізін нығайтуға бағытталған.