Қ. Тоқаев Presight AI компаниясының Басқарма төрағасын қабылдады
Presight AI компаниясы «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасына қызығушылық танытып отыр.
Бұл жасанды интеллект, есептеуіш қуат пен цифрлық сервис инфрақұрылымын дамытуды көздейтін арнайы экожүйе. Мұны мемлекет басшысының қабылдауында болған кәсіпорынның басқарма төрағасы Томас Прамотедхам мәлімдеді. Кездесуде Президент екіжақты ынтымақтастық жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ компанияның еліміздегі жасанды интеллект саласындағы шешімдерді дамытуға зор үлес қосып келе жатқанына ризашылық білдірді. Оған қоса нақты бастамаларды іске асыру арқылы серіктестікті одан әрі кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Сонымен қатар Smart City бастамасына айрықша назар аударылды. Мемлекет басшысы компанияның осыған дейін Астанада жүзеге асырған жобасы оң нәтиже көрсетіп, халықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізгенін жеткізді. Бұл ретте аталған шешімді Алматы қаласына енгізу перспективасы қарастырылды. Ал кездесу соңында Президент Smart City Томас Прамотедхамды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.