Кения Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

@PressMFAKZ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кения Республикасының Президенті Уильям Руто Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Ертең жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланады. Сонымен қатар бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Кения басшысын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қарсы алды.