ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары арнайы көрмені тамашалады

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшылары форум аясында арнайы көрмені тамашалады.  

Президенттер мен делегация жетекшілерінің назарына озық технологиялық және цифрлық шешімдер, сондай-ақ Халықаралық Alem.ai жасанды интеллект орталығының мүмкіндіктері көрсетілді. Мәртебелі меймандар жасанды интеллект музейінің жәдігерлерімен де танысты. Қазақстан тарапы Astana Smart City, Alem GPT, Smart Data Finance секілді ауқымды жобаларын ұсынды.