Делегация басшылары бірге суретке түсті

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Жиын басында делегация басшылары бірге суретке түсті.

Бұл тізімде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларымен қатар, Өзбекстанның Президенті мен Кубаның Вице-президенті бар. Сондай-ақ Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі қатысуда.