Қ.Тоқаев: ЕАЭО - жаһандық экономиканың маңызды субъектісі
Еуразия экономикалық одақ жай ғана өңірлік интеграциялық бірлестік емес, жаһандық экономиканың маңызды субъектісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясында осылай деді. Президент маңызды іс-шараға қатысқаны үшін Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің басшыларына, байқаушы елдердің көшбасшыларына және барша қонақтарға шынайы ризашылын білдірді. Еуразия экономикалық форумы еуразиялық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері бойынша кәсіби әрі нәтижелі диалогтың тиімді алаңы ретінде кеңінен танылған. Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси дүрбелеңдер кезеңінде өтіп жатқан форумның өзектілігіне назар аударды. "Бұрын-соңды болмаған геосаяси дүрбелеңдер кезінде мемлекеттеріміз үйлесімді іс-қимыл арқылы экономикаларының орнықты дамуын, әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алды. Қазір біздің алдымызда Еуразия экономикалық одағының әлеуетін одан әрі арттырып, қарқынды дамыту жөнінде стратегиялық маңызды міндет тұр. Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының бағдары жаппай өзгеріп жатқан кезеңде біз теріс сипаттағы жаһандық үрдістерге төтеп беру үшін күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.