«Әділет» партиясы ресми тіркеуден өтті
2026 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді. Бұл туралы «24KZ» хабарлайды.
Жаңа саяси ұйым өз қатарына түрлі кәсіби сала өкілдерін шоғырландырып отыр. Олардың арасында еңбек адамдары, мұнай сервисі және тау-кен металлургия саласының жұмысшылары, шахтерлер, сондай-ақ спорт, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, кәсіпкерлік, IT-сектор, заңгерлік және креативті индустрия өкілдері бар.
Партия бағдарламасының негізіне әділдік, жауапкершілік, теңдік, патриотизм және прогресс принциптері алынған. Ал негізгі басымдықтар ретінде заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту, тиімді институттарды дамыту, өңірлерді қолдау, цифрландыру, адами капиталды дамыту және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру міндеттері белгіленген.
«Әділет» партиясы өз қызметін кәсіби тәсілдерге, қоғамдық диалогқа және жауапты саяси күн тәртібіне сүйене отырып, әділ, заманауи әрі бәсекеге қабілетті Қазақстанды дамытуға қосылатын үлкен үлес деп санайды. Ресми мәліметке сәйкес, таяу уақытта саяси ұйым өзінің ұйымдастырушылық құрылымын одан әрі қалыптастыруға және еліміздің аймақтарындағы жұмыстарын бастауға кіріседі.