Елімізде жаңа саяси мәдениет қалыптаса бастады

«Өркениетті ел ретінде Заң мен тәртіп қағидатын ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдыруымыз керек».

Мемлекет басшысы осылай деді. «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі ролі» атты халықаралық форумда сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық реформаларға ерекше тоқталды. "Жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституциямызда осы негізгі қағидат туралы анық жазылды. Қазақстанның Бас құжаты – барша азаматқа тең мүмкіндік беретін әділетті қоғамның мызғымас тұғыры", - деді Президент.