Мемлекет басшысы Канада Генерал-губернаторына құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Канада Генерал-губернаторы Луиза Арбурға құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент Канаданың жаңа Генерал-губернаторы Луиза Арбурды лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтап, оның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан Канадамен сан қырлы серіктестікті нығайтуға бейіл әрі қос халықтың мүддесі үшін тығыз ықпалдастыққа әзір.