Президент Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттарын талқыланды.
Сонымен қатар мемлекеттік институттарды одан әрі дамытуды, басқару тиімділігін арттыруды және халықтың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін қазіргі өзгерістер жөнінде айтылды.