Қазақстан дәрігерлері Ауғанстандағы миссиядан оралды

Қазақстандық дәрігерлер Ауғаныстандағы миссиядан елге оралды.

Отандық мамандар жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп,  күрделі операциялар жүргізді. Сонымен қатар ақ халаттылар ауған әріптестерімен тәжірибе алмасып, бірлескен тексерулер мен консилиумдарға қатысты. Медициналық топ ауыр жарақат салдары мен тірек-қимыл аппаратының туабітті ақауы бар пациенттерге ерекше көңіл бөлді. Еліміз ауған тарабына Илизаров аппаратының жиынтықтарын табыстап, гуманитарлық көмек жеткізді.

Серік Балғазаров, Академик Бәтпенов атындағы ҰҒТОО директорының орынбасары