Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер

Елде Парламент реформасы аясындағы іс-шаралар былтыр қыркүйек айынан бастап қарқын алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бір палаталы Парламентке көшу мәселесін қарастыруды ұсынды. Сенат өзінің тарихи миссиясын орындағанын атап өтті. Қазан айының басында Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы Өкімге қол қойып, өзгерістерді жүзеге асыруға бастамашы болды. Қаңтар айында 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Оның барлық 12 отырысы тікелей эфир арқылы көрсетілді. Түпкілікті шешімді азаматтардың өзі қабылдады. 15 наурызда елде республикалық референдум өтіп, дауыс беруге қатысқандардың 87,15 пайызы жаңартылған Конституцияны қабылдауды қолдады. 

2025 ж. 8 қыркүйек – бір палаталы Парламентке көшу туралы ұсыныс

2025 ж. қазан – Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы Өкім

2026 ж. 21 қаңтар – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлық

2026 ж. 15 наурыз – ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум

2026 ж. 1 шілде – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді