Еуропарламент жаңа Конституцияны қолдайды
Қазақстанның жаңа Конституциясын Еуропарламент депутаттары да қолдайды.
Еуроодақтың заң шығарушы органы қабырғасында өткен жиынды ең ірі фракция – «Еуропалық халық партиясы» мүшелері ұйымдастырды. «Жаңа Қазақстан: конституциялық референдум мен демократиялық жаңғырудың нәтижелері» деп аталған басқосуға дипломатиялық корпус, бизнес өкілдері мен сарапшылар қатысты. Жиналғандар Еуропа Қазақстандағы құқықтық жүйені жаңғыртуға, ашықтықты арттыруға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталған өзгерістерді бақылап отырғанын айтты. Олар жаңа Конституциядағы әлеуметтік кепілдіктер мен адам құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілгенін ерекше атап өтіп, Қазақстанмен түрлі салада ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендіктерін жеткізді.
Андрей Ковачев, Еуропалық Парламент депутаты:
- Біз Қазақстанда заңнаманы жаңғыртуға бағытталған қадамдарды қуана қабылдаймыз. Бұл ашықтықты арттырумен және заң үстемдігіне негізделген жүйені нығайтумен байланысты маңызды даму. Біз мұны әрдайым қолдаймыз.
Гэри Картрайт, EU Тoday баспагері:
- Әлбетте біз бұл процесті жаңа Конституция пайда болған сәттен бастап бақылап келеміз. Біздің үмітіміз ақталды. Құжат Қазақстанның Еуропалық одақ елдерінде қабылданған құндылықтармен және басымдықтармен үндесетіні қуантады.