Ата заң – даму бағдарын айқындайтын құжат
Конституция – елдің даму бағдарын айқындайтын негізгі құжат. Үкімет отырысында Қазақстан тарихындағы маңызды кезең пысықталып жатыр.
Олжас Бектенов «Ата Заңның қабылдануы халықтың Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асып жатқан өзгерістерді қолдайтынына дәлел» екенін айтты. Өйткені ол «қоғамдағы тұрақтылықты одан әрі сақтау, азаматтардың әл-ауқатын лайықты деңгейде қамтамасыз ету, «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту және қазақстандықтардың озық ойлы әрі жоғары интеллектуалды буынын қалыптастыруға бағытталған» дейді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Президент жаһандық өзгерістердің көшін қуып жетумен ғана шектелмей, жаңа экономикалық ахуалды қалыптастыратын белсенді қатысушыға айналуымыз керек екенін атап өтуде. Жүргізіліп жатқан реформалардың барлығы дәл осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Ал олардың түп негізінде жаңа Конституциямыз тұр.