Жаңа Конституция – өзгеріс бастауы. Live
Жаңа Конституция – еліміздегі жүйелі өзгерістердің бастауы.
Ата заңға енгізілген толықтырулар қоғамның сұранысына сай жасалып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтерді. Ел тұрғындарының пікірінше, әсіресе цифрлық технологиялар қарқынды дамыған қазіргі кезеңде жеке деректердің қорғалуы, электрондық ақпарат алмасудың қауіпсіздігі және осы салалардағы құқықтық нормалардың нақты айқындалуы ерекше маңызға ие. Сонымен қатар азаматтар Конституциядағы өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттырып, халық пен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.