Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
2026 жылғы 14 шілде
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды ұлттық мереке – Бастилияны алу күнімен құттықтады.
Президенттің айтуынша, бұл атаулы күн француз халқының бірлігін және еркіндік пен теңдік қағидаттарына бейіл екенін айшықтайды.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, қазақ-француз байланыстарының кеңеюіне Эмманюэль Макрон айрықша үлес қосқанын айтты.
Президент Франция көшбасшысының жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас елдің халқына бақ-береке тіледі.