Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді.
Мемлекет басшысы Қытай Төрағасына Жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтып, Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуымен құттықтады. Президенттің айтуынша, тараптар сауда-экономикалық салада мол табысқа қол жеткізді. Қытай-Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Осы уақытқа дейін Қытай еліміздің экономикасына 30 млрд доллар инвестиция салды. Былтыр екіжақты сауда-саттық көлемі 49 млрд долларға жетті. Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Қазақстанда 8,5 мыңнан аса Қытай компаниясы жемісті жұмыс істеп жатқанын да жеткізді. Екі ел басшыларының кездесуі аяқталған соң, Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына және жол картасына қол қойылды.