Президент Камбоджа Премьер-министрімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда өткен Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясы аясында Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетпен де кездесті.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы әріптестікті нығайтуға мүмкіндік мол екенін айтып, ауыл шаруашылығы, туризм, құрылыс, көлік-логистика, тоқыма және тағам өнеркәсібі салаларындағы әріптестікке тоқталды. Еліміз бидай, тыңайтқыш және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға дайын екенін жеткізді. Ал өз кезегінде Хун Манет Камбоджаның Қазақстанмен байланыстарды күшейтуге мүдделі екенін айтып, бірлескен жобаларды қолдауға дайын екенін мәлімдеді. Кездесу соңында Хун Манет Қазақстан Президентін Камбоджаға ресми сапармен келуге шақырды.