«Ақ жол» партиясының кандидаттары тіркелді

«Біздің партияда әртіс, шоумендер жоқ». Орталық сайлау комиссиясында кандидаттар тізімі бекітілген «Ақ жол» партиясының төрағасы осылай деді.

Дания Еспаева Құрылтайдағы орыннан үміткерлер саны 63 адам екенін жеткізді. Соның 21-і мәслихаттардан іріктелді. Әйелдер, жастар және мүгедек жандар бойынша да 30 пайыздық квота сақталғаны айтылды. Әзірге алдағы саяси науқанды бақылауға халықаралық ұйымдар мен шетелдерден 76 байқаушы тіркелді.

Дания Еспаева, «Ақ жол» партиясының төрағасы:

- Біздің тізімді қарасаңыз, бірде шақырылған адамдар, әртістер, шоумендер жоқ. Нағыз баяғыдан келе жатқан партияның өкілдері. Тағы бір ерекшелігі 21 мәслихат депутатын қостық.