Құрылтай сайлауы: Қазақстан халық партиясы ресми тіркеуден өтті
Кандидаттарымен көпшіліктің көңілін аудартқан Қазақстан халық партиясы да Орталық сайлау комиссиясында ресми тіркеуден өтті.
Жаңа Төрағасы жаңа адамдардың қатарға қосылуын солай болуы тиіс, деп санайды. Себебі Құрылтайда экономика мен саясаттағы түйткілдер ғана емес, өнер мен мәдениеттегі өзекті мәселе де көтеріледі. Сондықтан сан-саланың мамандарын бір арнаға тоғыстырғанды жөн көріпті. Партиядан 72 үмітркерге куәлік берілді.
Нұрсұлтан Шоқанов, Қазақстан халық партиясының төрағасы:
- Құрылтай – экономика, өнеркәсіп, энергетика, медицина, мәдениет пен білім беру және өңірлерді дамыту мәселесі көтерілетін жер. Сол салалардағы мамандар біздің тізімге негіз болды. Олар проблеманы қалай рәсімдеп, қарапайым тілде халыққа жеткізуді біледі. Кандидаттар қатарында облыстарды басқарған, құрылысқа жауапты болған, жер қатынастары, инфрақұрылымды білетіндер бар.