Шымкентте тұрғындардың 54,2% дауыс беру құқығына ие
Алдағы маңызды саяси науқанда Шымкент қаласының 710 мыңға жуық тұрғыны өз таудауын жасай алады.
Халықтың 54,2% дауыс беру құқығына ие болды. Бұл жолы сайлаушылар саны өткен науқанмен салыстырғанда 14 мың 632 адамға артқан. Сайлауды ұйымдастыру жұмыстары аясында партия өкілдерінің халықпен кездесуіне арнайы 10 орын дайындалып, үгіт-насихат материалдарын орналастыруға 57 орын белгіленді. Ал науқанның ашық әрі әділ өтуін қадағалау мақсатында халықаралық байқаушылар тобы арнайы жұмыс сапарымен өңірге барып, атқарылып жатқан жұмыс жоспарымен танысты. Сонымен қатар сайлау комиссиясының құрамына саяси партиялардың өкілдері, қарапайым тұрғындар және түрлі қоғамдық ұйымдардың мүшелері ресми түрде енгізілді.
Қайырбек Құнанбаев, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Шымкент қаласында учаскелер толық жарақтармен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тактильный дорожка, пандустар, бұрыштамалар, құлаққаптар барлығы қамтамасыз етілді.