Қазақстан 2030 жылға дейін қуаты 500 МВт ГЭС-терді іске қосады

2030 жылы елде жалпы қуаты кемінде 500 мегаватт болатын жаңа гидро-электр стансалары іске қосылады. Үкімет 2035 жылға дейінгі гидро-энергетика саласын дамыту жоспарын бекітті.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Жоспар алты негізгі бағыт бойынша 30 іс-шараны қамтиды. Яғни өзендердің су теңгерімі мен энергетикалық әлеуетін бағалау, нысандар бойынша бірыңғай деректер базасын қалыптастыру, жер учаскелерін дайындау сынды жұмыстар жоспарланған.

Санжар Жаркешов, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Бұл гидроэнергетиканы бағалаудың жоспарлауға жүйелі тәсілді қамтамасыз етуге және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда жоспарды іске асыру қолда бар су ресурстарын техникалық мүмкіндіктер мен электроэнергетикалық жүйенің қажеттіліктерін ескере отырып, гидроэнергетиканы дамыту туралы кешенді түсінік қалыптаствруға мүмкіндік береді.