Құрылтай сайлауына дайындық. LIVE
Түркістан облысында Құрылтай сайлауы күні 952 учаске ашылады. Өңірде 1 миллион 200 мыңнан астам сайлаушы бар. Яғни облыс халқының жартысынан көбі дауыс беру құқығына ие. Дәл қазір Жандос Жұмабек бізбен тікелей байланыста тұр. Өңірде алдағы саяси науқанға дайындық қалай жүріп жатыр? Сайлау учаскелерінің дайындығы қалай?
Жандос Жұмабек, тілші:
- Біз қазір Түркістан қаласындағы № 25 сайлау учаскесіндеміз. Мұнда алдағы Құрылтай сайлауына дайындық тыңғылықты жүргізіліп жатқаны байқалады. Ғимаратқа кіріп-шығу үшін пандус орнатылып, дауыс беру кабиналары қосымша жарық шамдармен жабдықталыпты.
Жалпы науқан кезінде өңірде 970 учакселік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Комиссия мүшелері бүгінге дейін толық арнайы оқудан өткен. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін Түркістан қаласы мен Сауран ауданында жаңадан 4 учаске ашылып, 6 учаскенің шекарасы кеңейтілген. Дауыс берушілердің тізімі 2 тамыз күні учаскелерге таратылып, бүгіннен бастап тұрғындар өз деректерін тексере алады. Сайлаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін 31 қоғамдық бірлестік аккредиттелген. Мамандар тұрғындар үшін облыстық «109-бірыңғай» Call-орталығы мен сенім телефондары іске қосылғанын айтады.
Қазір менің қасымда Түркістан қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Бердіқұлов тұр. Қайрат мырза, облыс бойынша 14 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар сайлаушылар тіркелген. Оның 3 мыңнан астамы қоларбада отырса, 11 мыңнан астамы көру-есту қабілетінен айырылған азаматтар. Науқан күні олар сайлау учаскелеріне кедергісіз келіп дауыс бере ады ма?