СҚО-да сайлау комиссияларының мүшелері оқудан өтіп жатыр
Құрылтай сайлауы қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелері арнайы семинарларға қатысып, білімдерін жетілдіріп жатыр.
Олар саяси науқан алдында кәсіби даярлығын пысықтап, қолданыстағы заңнамаға қатысты тест тапсырады.
Солтүстік Қазақстан облысында Құрылтай сайлауы кезінде 3196 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Қазір олар оқыту семинарына қатысып, саяси науқанды заң талаптарына сәйкес өткізу жөнінде білім мен біліктілігін арттырып жатыр.
Сара Алдаева, Қызылжар ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Ұйымдастырылған семинардың пайдасы өте зор. Комиссия мүшелері өзара тәжірибе алмасып, дауыс беру күні заңнамалық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді. Өйткені оларға үлкен жауапкершілік артылып отыр. Оқыту қорытындысы бойынша барлығы тест тапсырады.
Өңірде саяси науқан күні 543 сайлау учаскесі ашылады. Дауыс беру орындары қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Маңызды науқанға дайындық барысын арнайы құрылған мониторинг топтары тексереді.
Марат Нобаев, Зағип жандар қауымдастығының өкілі:
- Қызылжар ауданында мүгедектігі бар 1270 адам тұрады. Оның 172-і дауыс беру күні арнайы жағдайды қажет етеді. Осыған байланысты сайлау учаскелерінің дайындығын тексеріп бастадық. Сонымен қатар комиссия мүшелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз.
Облыс бойынша сайлаушылардың тіркелген мекен-жайы мен учаскесін анықтау үшін колл-орталықтар мен онлайн-сервистер қызмет көрсетеді. Өңірде Құрылтай депутаттарын сайлау науқанына 558 комиссия құрылған.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков