Құрылтай сайлауын бақылауға 656 халықаралық байқаушы тіркелді

Сурет: Орталық сайлау комиссиясы

Орталық сайлау комиссиясының отырысында Құрылтай сайлауына тағы 405 шетелдік байқаушы аккредиттелді. Осылайша, бүгінгі таңда елімізде өтетін сайлауды бақылауға ресми түрде тіркелген халықаралық байқаушылардың жалпы саны 656 адамға жетті, деп хабарлайды «24KZ».

 

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, 2026 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша Сыртқы істер министрлігі 7 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымнан 405 бақылаушыны аккредиттеуді ұсынған. Атап айтқанда:

  • Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан — 208 байқаушы;

  • ТМД байқаушылары миссиясынан — 75 байқаушы;

  • ТМД ПАА (Парламентаралық ассамблеясынан) — 23 байқаушы;

  • Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясынан (ПАСЕ) — 23 байқаушы;

  • ТүркіПА (Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы) — 22 байқаушы;

  • ШЫҰ миссиясынан — 11 байқаушы;

  • Түркі мемлекеттері ұйымынан — 10 байқаушы;

  • Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес миссиясынан — 9 байқаушы;

  • Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымынан — 7 байқаушы;

  • Шет мемлекеттерден (Литва, Түркия, Грузия, Солтүстік Македония, Эстония, Нидерланд Корольдігі және Тәжікстан) — 17 байқаушы.

 

Халықаралық байқаушыларды тіркеу әлі де тоқтаған жоқ. Түскен ұсыныстарға сәйкес ОСК деректері алдағы уақытта да жаңартылып отырмақ. Айта кетейік, алдағы Құрылтай сайлауы қарсаңында өтетін қорытынды пікірсайысқа саяси партиялардың төрағалары қатысады деп жоспарланған.