«Басты дебат 2026»: партиялардың сөз алу кезегі белгілі болды
24KZ телеарнасында өтетін теледебатта партиялар сөзжарысының кезегі белгілі болды.
Ең алдымен Республика партиясы бастаса, одан кейін Байтақ партиясы, Ақжол демократиялық партиясы, Әділет, Ауыл, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы және Қазақстан халық партиясы сөз тізгінін алады. Басты дебат тақырыбы "Дамыған экономика – қуатты қоғам". Теледебат төрт кезеңнен тұрады: партия бағдарламасын жүйелі түрде таныстыру, оппоненттеріне сұрақ қою, сонымен бірге байланыс орталығына келіп түскен бейнехабарламалар мен сауалдарға жауап беру бөлімдері қарастырылған. Қорытынды бөлімде партия жетекшілері белгіленген ретпен сайлауалды мәлімдемелерін жолдайды. Еске сала кетейік, «Басты дебат - 2026» саяси жобасы 24kz арнасынан ертең сағат 20:00-де көрсетіледі. Саяси доданы 24KZ телеарнасының YouTube, сондай-ақ Telegram, Instagram және TikTok желілеріндегі ресми аккаунттарынан онлайн режимде көруге болады.