Құрылтай – ұлттық жаңғыру тетігі

Құрылтай тиімді заң шығарушы институтқа айналып, ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуі тиіс.

Atlantic Council ұйымы Еуразия орталығы директорының орынбасары Эндрю Даниери осылай деді. Айтуынша, Вашингтонда, әсіресе Орталық Азия бойынша сарапшылар арасында жаңа Конституцияның іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні,.. үлкен қызығушылық тудырып отыр. Бұл өзгерістер Қазақстан мен АҚШ қарым-қатынасының одан әрі дамуына ықпал етеді, дейді сарапшы.  

Эндрю Д'аниери, Atlantic Council ұйымы Еуразия орталығы директорының орынбасары:

- Жалпы, қоғам игілігіне жұмыс істейтін пәрменді институттар әр елге керек. Үкіметтің негізгі міндеті де осы. Сондықтан Қазақстанның өзгерістерге ұмтылысы мен реформаларға жаңаша көзқараспен қарауы оң үрдіс. Қолданыстағы саяси құрылымдарды одан әрі жетілдіру құптарлық қадам.