Ресейде Құрылтай сайлауына арналған учаскелер бес қалада жұмыс істейді
Құрылтай сайлауында Ресейде жүрген Қазақстан азаматтары 5 қалада дауыс бере алады.
Сайлау учаскелері Мәскеуден бөлек Санкт-Петербор, Қазан, Омбы және Астрахань қалаларында ашылады. Көрші елдегі саяси науқанға дайындық қалай жүріп жатыр?
Экономика жоғары мектебінің студенті Мадина Есімова 4 жылдан бері Мәскеуде оқиды. "Жырақта жүрсем де, осыған дейін өткен саяси науқандардың бірінен қалған емеспін", - дейді. Ел болашағы үшін Құрылтай сайлауының да маңызы зор деп біледі.
Мадина Есімова, экономика жоғары мектебі университетінің студенті:
- Мен өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, сайлауға қатысамын. Уақытша шетелде тұрамын. Бұл мен үшін маңызды. Себебі еліміздің болашағына мен бей-жай қарай алмаймын. Менің таңдауым Қазақстанның жарқын болашағы. Елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар барлық салаға оң әсер ететініне сенімдімін.
Қазір көрші елдегі дипломатиялық өкілдіктерде дайындық қызу. Дауыс беру учаскілерін әзірлеп, сайлаушылар тізімін нақтылап жатыр. Ресейде жүрген отандастарымыз саяси науқанға қатысу үшін жеке мәліметтерін электронды пошта арқылы жіберсе жеткілікті, дейді еліміздің дипломаттары.
Ғазиз Ағыбаев, Қазақстан Республикасының Мәскеудегі консулы:
- Осы сайлауға қатысу үшін азаматтар біздің елшілік сайтына және бас консулдықтың сайтына кіріп, электрондық поштаға өздеріңіздің тегі мен атыңызды, ЖСН, Ресейде тұратын мекен-жайыңызды жолдауға болады.
Мәскеуде сайлау учаскесі Қазақстан елшілігінің ғимаратында орналасады. Тағы төртеуі Санкт-Петербург, Қазан, Омбы және Астраханьда жұмыс істейді. Мұнда жергілікті уақытпен таңғы 07:00-ден, кешкі 08:00-ге дейін дауыс беруге болады.
ЗБ, Наргиз Рахимжан