АҚШ, Украина және Ресей келіссөзі жалғасады
АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Дублинге барды. Мұнда Украина президенті Владимир Зеленскиймен жүздесті.
Ақ үйдің елшілері мұның алдында Мәскеуде Владимир Путинмен кездескен еді. Джаред Кушнердің мәлімдеуінше, Путин Еуропа елдерінің алдағы келіссөзге қатысуына келіскен.
Жалпы тараптардың бас қосуында нақты ілгерілеушілік болмағанмен, тұтқын алмасу мәселесі шешілген. АҚШ тарапы келіссөздің келесі аптада жалғасуы мүмкін екенін хабарлайды.