Құрылтай азаматтық қоғам белсенділігін арттырады

Қазақстандағы саяси реформалар елдің халықаралық беделін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

АҚШ-тағы Халықаралық салық және инвестициялар орталығының жетекші сарапшысы Уэсли Александр Хилл осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан қазір сенімді дипломатиялық серіктес әрі шетелдік инвестициялық тартымды мемлекет ретінде танымал. Сондықтан реформалардың табысты жүзеге асуы халықаралық қауымдастықтың сенімін арттырып, Қазақстанның бітімгерлік бастамалардағы рөлін кеңейте түседі. Хилл “Құрылтайдың алғашқы шақырылымында жаңа парламенттің жұмыс тәртібі қалыптасып,  азаматтық қоғам белсенділігі артады”, - дейді.

Уэсли Александр Хилл, Халықаралық салық және инвестициялар орталығының жетекші сарапшысы:

- Саяси тұрғыдан алғанда, бір палаталы жүйенің басты ықпалы - азаматтық қоғамдағы пікірталасты нақты идеялар мен мемлекеттік саясатқа бағыттауы. Әлем тәжірибесінде мұндай жүйе сәтті жұмыс істегенде сайлаушылар өзіндік айырмашылықтарға емес, партиялардың салық, бюджет шығыстары мен мемлекеттің рөлі жөніндегі ұстанымдарына мән береді. Қазіргі үрдістерге қарасақ, Қазақстанда да осындай ашық әрі мазмұнды пікірталас күшеюі мүмкін. Оның артықшылығы да, тәуекелі де бар, бірақ дамудың ең ықтимал бағыты осы деп ойлаймын.