Қостанайда «Әділет» партиясы жұмысшылармен кездесті
«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Қостанай облысындағы еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесу өткізді.
Құрылтай депутаттығына кандидаттар облыс орталығы мен Рудный қаласындағы бірқатар кәсіпорынға барды. Жиында отандық өндірісті дамыту, кадр даярлау, еңбек қауіпсіздігі, жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктері сияқты мәселелер тақырыпқа арқау болды. Саяси бірлестік мүшелері мамандарды өңір экономикасының қажеттіліктерін ескере отырып даярлау керек екенін атап өтті.
Қаныш Тілеушин, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:
- Бірінші мақсатымыз «Әділет» партиясының бағдарламасына, өндіріске және экономика дамуына көзделген шаралар туралы айту. Сонымен қатар осы зауытта істеп жатқан жұмыскерлерді тыңдап, олардың ұсыныстарын естіп қана қоймай, ұсыныстарды әрі қарай пайдаланып, бекітіп, олармен әрі қарай жұмыс жасау.