Құрылтай сайлауы: Қазақстан азаматтары Оңтүстік Корея мен Жапонияда бірінші болып дауыс бере алады
Құрылтай депутаттарын сайлау кезінде әлемде бірінші болып Оңтүстік Корея мен Жапонияда жүрген Қазақстан азаматтары дауыс бере алады. Сеулдегі №422 сайлау учаскесінде дауыс беруге бәрі дайын.
№422 сайлау учаскесі Сеул уақытымен 23 тамызда сағат 07:00-де немесе Астана уақытымен сағат 03:00-де жұмысын бастайды. Бұл күні Қазақстанның 300-ге жуық азаматы дауыс бермек. Құрылтай сайлауы туралы ақпаратты сайлау комиссиясының мүшелері бірнеше апта бұрын әлеуметтік желілерде орналастырды.
Айна Бекішева, сайлау комиссиясының мүшесі:
- Отандастарымыздың сайлауға деген ниеттері болатын болса, онда біздің парақшамызда, ресми елшіліктің парақшасында, сонымен қатар инстаграмда арнайы QR код арқылы немесе арнайы сілтеме арқылы тіркеле алады.
Дәстүр бойынша сайлаудың ең белсенді қатысушылары осы елдің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастар болғалы тұр. Кукмин университетінің 2 курс студенті Әсел Өтебай биыл наурызда референдумда алғаш рет дауыс берген еді. Ол алдағы Құрылтай депутаттарын сайлауға да белсенді қатысып, өз таңдауын жасағалы отыр.
Әсел Өтебай, студент:
- Алдағы сайлау 23 тамыз Сеул қаласында болатынын білемін. Өзім әлеуметтік желілер бойынша бірнеше партияны көріп, олар туралы ақпаратты тауып алдым. Менің ойымша, мен өзіме ұнайтын партияны таңдадым.
Дауыс беру үшін Әсел Өтебай Қазақстанның Кореядағы елшілігінің сайтында сайлаушы ретінде тіркеліп қойған және учаскеге алғашқылардың бірі болып баруға ниетті.
Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян