Қазақстан хоккей құрамасы – Азия чемпионы
Қазақстанның ерлер арасындағы шайбалы хоккей құрамасы қатарынан үшінші рет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды 24KZ.
Оңтүстік Кореяда өткен турнирдің үшінші матчында біздің спортшылар мұз айдыны қожайындарының командасынан басым түсті. Кездесу өте тартысты өтті: үш кезең бойы екі команданың да қақпасына гол соғылмады. Тіпті овер-таймда да есеп ашылмады. Жеңімпаз тек буллит сериясында анықталды. Жеңіс шайбасын Диас Гусейнов соқты. Матч біздің құраманың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Осылайша, Чонджу қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан хоккейшілері барлық үш ойында жеңіске жетіп, үш дүркін Азия чемпионы атанды.