«Ауыл» партиясының жақтастары штабқа жиналды
«Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы және «Ауыл» партияларының жаңа төрағалары
алғаш рет осындай ауқымды саяси науқанға партия жетекшісі ретінде қатысып отыр.
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:
- «Ауыл» партиясының орталық штабынан сөйлеп тұрмыз. Теларнамызда өтетін теледебатты тамашалауға келген қолдаушылардың қарасы қалың. Бүгінгі басты пікірсайыста партия басшысы Қайрат Айтуғанов бесінші болып сөз алады. Айта кетейік, бұл оның ұйым жетекшісі ретіндегі алғашқы саяси додасы. Сол себепті дебатқа дайындықты пысықтап жатырмыз, дейді партия жақтастары. Енді бірлестік жайлы аз-кем ақпарат айта кетейін, «Ауыл» партиясы 2000 жылы құрылған. Қазір қатарында 430 мыңнан астам адам бар. Еліміздің барлық аймақтарында өз өкілдіктері жұмыс істейді. 2023 жылғы сайлауда партия алғаш рет мандат алып, 8 депутат мәжіліс мінберінде еңбек еткен еді. Биылғы Құрылтай құрамына 69 үміткерді ұсынып отыр. Оның алтауы бұрынғы мәжіліс депутаттары. Кандидаттар қатарында 9 жас, 6 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Жалпы үміткерлердің 29-ы әйел, 40-ы ер адам.