Елде 8 энергетикалық нысан салынады

Үкімет 2026-2030 жылдарға арналған «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасын бекітті. Бағдарлама шеңберінде кемінде 7,5 трлн теңге бюджеттен тыс инвестиция тарту көзделген.

Жоба бойынша 8 жаңа энергетикалық нысан салынып, қолданыстағы 11 станса жаңғыртылады. Көкшетау, Семей, Өскемен, Жезқазғанда, Қарағанды, Екібастұз және Курчатовта жаңа электр стансалары бой көтереді. Озық технологиялар жабдықтардың тозуын азайтып, экологиялық шығарындыларды төмендетеді.