Сарапшы Құрылтай сайлауының сәтті өтетініне сенім білдірді

Жаңа Құрылтайдың құрылуы заңнамалық шешімдерді қабылдауды жеделдетіп, мемлекеттік институттар мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. 

Сингапурлық кәсіпкер әрі инвестор осылай деді. Сондай-ақ Тан Ван Чоу қазақ елінің даму бағытына жоғары баға берді. 

Тан Ван Чоу, кәсіпкер:

Қазақстан — Қытай мен Еуропаны жалғайтын Орта дәліз бойында орналасқан стратегиялық маңызды елдердің бірі. Экономикалық өсіммен қатар, саяси реформалар да жалғасып келеді. Соның бірі — қазіргі парламенттік жүйені алмастыруды көздейтін Құрылтайдың құрылуы. Бұл өзгеріс елдегі демократиялық институттарды одан әрі нығайтып, Қазақстанның саяси және экономикалық даму бағытын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Халықаралық сарапшылар Құрылтай сайлауы жайында пікір білдірді 

Ал Польша-Азия сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Януш Пехочиньский Құрылтай сайлауына қатысты пікір білдіріп, бүгінде Қазақстан жан-жақты дамуын жалғастырып келеді деді. Сарапшы еліміздегі өзгерістерді, оның ішінде жаңа технологиялар саласындағы бетбұрыстарға назар аударды.

Януш Пехочиньский, Польша-Азия сауда-өнеркәсіп палатасының президенті:

- Қазақстан – дәстүр мен тарихи сабақтастықты жалғап, тек экономикалық тұрғыда ғана емес, қоғамның дамуы, IT технологияларды игеру, жасанды интеллектіні қолдану тұрғысынан да қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі.