Құрылтай сайлауы: сарапшы пікірі

Ел ішіндегі мемлекеттік институттарға деген сенім мемлекеттің халықаралық аренадағы беделіне де тікелей әсер етеді.

Женева университеті Қауіпсіздік обсерваториясы директорының орынбасары Венцеслав Сабев Қазақстандағы конституциялық өзгерістердің осы қырына назар аударады. Жаңа Конституция мен алғашқы Құрылтай сайлауы Қазақстан үшін дипломатиялық байланыстарды нығайтып, инвестиция тартудың қосымша тетігіне айналуы мүмкін, дейді сарапшы.

Венцеслав Сабев, Женева университеті қауіпсіздік обсерваториясы директорының орынбасары:

- Біріншіден, жаңа Конституция мен демократиялық парламенттік сайлау — жұмсақ күш, дипломатия, инвестиция және достық қарым-қатынастар үшін қажетті сенімді нығайтудың бір жолы. Екіншіден, Қазақстанның жаңа Конституциясы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін орнықтырады. Үшіншісі — ашықтық. Бұл Конституция Қазақстанды Батыспен де, ауқымды Жаһандық Оңтүстікпен де жақындастырады деп ойлаймын. Жаңадан сайланатын Құрылтай Қазақстан мен Женевада орналасқан халықаралық институттар арасындағы өзара іс-қимыл мен серіктестік рухына сай келеді деп сенгім келеді.