Астанада Қазақстанның Еуразиялық кеңістіктегі рөлі талқыланды
Қазақстан және жаңа Еуразиялық ландшафт: стратегиялық әріптестік, өзара байланыс және экономикалық мүмкіндіктер.
Бүгін елордада осындай атаумен «Си Файв» және «Хадсон институт» сараптамалық орталығы дөңгелек үстел өткізді. Оған дипломатиялық корпус өкілдері, бұрынғы елшілер мен саясаткерлер, халықаралық сарапшылар сондай-ақ бизнес қауымдастық өкілдері қатысты. Жиында Қазақстанның жаңа Еуразиялық кеңістіктегі рөлі кеңінен талқыланды. Яғни, оның орта держава ретіндегі орны, аса маңызды минералдар мен инвестициялар саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Орта дәлізді дамыту мен көлік-логистикалық байланысты одан әрі арттыру мәселелері сөз болды.
Болат Сарсенбаев, дипломат:
- Орталық Азияның маңызы жылдан жылға артып келеді. Экономикалық тұрғыдан алғанда да бұл өңірге деген қызығушылық өте жоғары. Мәселен, Қытай мен Үндістан үшін. Сонымен қатар саяси тұрғыдан да салмағы зор. Бүгінгі кездесу осы қарым-қатынастардың кейбір қырларын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.